Белгісіз біреу оқу орнында оқ жаудырған
![](/uploads/posts/2025-02/medium/1738818897_2.jpg)
Қалалық полиция басшысы Роберто Эйд Форест оқиға салдарынан «шамамен 10 адамның» мерт болғанын, оның ішінде оқ жаудырған ер адамның да қаза тапқанын растады.
Қылмыскер туралы белгілі ақпарат – ол полицияға бұрын таныс емес және ешқандай ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы болмаған. Полиция шабуылды әзірге лаңкестік әрекетпен де байланыстырып отырған жоқ.
«Қаза тапқандардың бірі қазір басты күдікті саналып отыр. Ол бұрын полицияға белгісіз болып келген және бұл оқиға неліктен болғанын әлі күнге дейін білмейміз», дейді Швецияның әділет министрі Гуннар Строммер.
Билік қала тұрғындарын бұдан әрі шабуылды күтуге негіз жоқтығына, сондықтан ертең таңертең балаларды еш қорықпастан мектепке әдеттегідей жіберуге болатынына сендірді.
Фото: egemen.kz