Мадагаскардағы су тасқынынан 22 адам қаза тапты

Бұрын хабарланғандай, апаттан 3 адамның қаза тапқаны және 11 мың адамның көмекке мұқтаж екені айтылған еді. Алайда соңғы мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандардың саны 22-ге жетті. Жалпы, 19 764 тұрғын су тасқынының салдарын сезініп, шұғыл көмекке мұқтаж болған.
Қауіпсіздік шаралары бойынша 7 300-ден астам адам қауіпсіз аймақтарға көшірілген.Билік орындары эвакуацияланған тұрғындарға уақытша баспана ұсынып, көмек көрсету жұмыстарын жеделдете бастаған.
Сарапшылардың пікірінше, Мадагаскардағы осындай табиғи апаттар климаттық өзгерістер мен маусымдық ауа райының әсерінен жиі болып отыр. Ел билігі мен халықаралық ұйымдар зардап шеккендерге көмек көрсетуді және болашақта мұндай апаттардың алдын алу шараларын күшейтуді маңызды деп санайды.
Фото: egemen.kz