Зеленскийдің ұшағы АҚШ-тың әуе базасына қонды

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, Украина көшбасшысының ұшағы
Президенттік А319 рейсі 8 сағат 2 минутқа созылғаны айтылды. Борт Зеленский кішігірім аялдама жасаған Ирландиядағы Шаннон әуежайынан ұшып шыққан. Президенттік ұшақ Мэриленд штатындағы Joint Base Andrews әскери әуе базасына қонған.
АҚШ-қа барар жолда Владимир Зеленский Ирландияға тоқтаған. Ұшақ елдің батысындағы Шеннон әуежайына аялдаған. Бұл аялдамасында Зеленский Ирландияның премьер-министрі Мишель Мартиномен кездесті.
Украина президенті АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу үшін Вашингтонға сапар шегеді. Кездесу кезінде көшбасшылар сирек кездесетін металдар туралы келісімге қол қояды деп күтілуде.
Фото: baq.kz