Әуежайға қонған жолаушылар ұшағы өртке оранды

14 наурызда орын алған оқыс жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Түтінге оранған ұшақ жолаушылары ұшақтың қанатына шығып, қауіпсіз жерге жетуге тырысқан.
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, American Airlines әуе компаниясының ұшағы қону жолағында өртке оранған. Әуе компаниясы да ұшақ бортында өрт шыққанын растады, алайда дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт тез сөндірілген.
Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себебі белгісіз, тиісті органдар оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.
Фото: baq.kz