Пәкістан мен Үндістан бір-бірінің дипломаттарын елден шығарды

Пәкістан тарапы Исламабадтағы Үндістанның Жоғарғы комиссиясының қызметкерін тыңшылық жасады деген күдікпен елден шығару туралы шешім қабылдады. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, аталмыш дипломатқа 24 сағат ішінде елден кету міндеттелген және оған ресми түрде нота табысталған.
Сонымен қатар, Пәкістан Үндістан миссиясын өз қызметкерлерінің дипломатиялық мәртебесіне сәйкес келмейтін әрекеттерден бас тартуға шақырды.
Үндістан билігі де дәл осындай қадамға барып, Нью-Делиде орналасқан Пәкістанның Жоғарғы комиссиясының қызметкерін елден шығарғанын мәлімдеді. Үндістанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, пәкістандық дипломат ресми мәртебесіне сай келмейтін қызметпен айналысқан.
Айта кетейік, Пәкістан мен Үндістан арасында дипломатиялық қатынастар жиі шиеленісіп тұрады. Мұндай өзара дипломаттарды шығару жағдайлары екі ел арасындағы ұзаққа созылған сенімсіздік пен тарихи жанжалдардың көрінісі болып табылады.
Фото: baq.kz