Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Колумбиядағы табиғи апаттан ондаған адам қаза тапты

Колумбиядағы табиғи апаттан ондаған адам қаза тапты

Колумбияда болған жойқын көшкін салдарынан кемінде 23 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

El Tiempo таратқан мәліметке сүйенсек, апта басында Бельо муниципалитетіне қарасты Гранисаль ауданында таудан құлаған лай көшкіні Медельин қаласының бір бөлігін де қамтыған.

Құтқарушылардың мәліметінше, тағы 13 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Билік өкілдері қауіпті аймақ тұрғындарын барынша сақ болуға және қажет болған жағдайда эвакуациялануға шақырып отыр.

    Соңғы ресми есеп бойынша Гранисальда жоғалып кеткендер іздестіріліп жатыр. Бельо қаласындағы жағдай бұдан да күрделі болуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Колумбия билігі табиғи апаттың салдарын жою үшін шұғыл жұмыстар жүргізіп жатыр. Құтқару топтары тәулік бойы іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Фото: baq.kz
29 маусым 2025 ж. 51 0