Еуропа мен Орталық Азияда қызылша ауруы өршіп тұр

ДДСҰ мәліметінше, 2023 және 2024 жылдар аралығында қызылша жағдайлары екі еседен аса көбейіп, биыл тіркелген науқас саны 148 мыңнан асты. Негізгі себеп – вакцинациямен қамтудың жеткіліксіздігі, әсіресе COVID-19 пандемиясынан кейінгі кезеңде екпе көрсеткіштері қалпына келмеген.
2024 жылы қызылша, паротит, қызамық және В гепатитіне қарсы толық вакцина алған балалардың үлесі 91%-ды құрады. Бұл 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда төмен (92%). Ал қызылшаға қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін халықтың кемінде 95% екпе алуы қажет.
Ауру 53 елге таралып, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттерін де қамтыған.
Бұған дейін, The Times басылымы Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында вакцинация деңгейінің төмендеуіне байланысты бір баланың қызылшадан көз жұмғанын хабарлаған. Баланың екпе алмағаны анықталған.
Фото: Нұрболат Нұржаубай