Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 56 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе алды

Қызылорда облысында 56 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе алды

Қызылорда облысында өткен жылдың 6 қарашасынан бастап бүгінге дейін 56 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе қабылдаған. Осының арқасында ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді, деп хабарлайды Kazinform.

Облыста қызылша ауруының жұқтыру көрсеткіші айтарлықтай төмендеді. 2023 жылдың қараша айында ауруға шалдығудың 501 дерегі тіркелген болса, желтоқсан айында ол көрсеткіш 474 жағдайға дейін төмендеген.

Қызылшаға қарсы вакцинациялау жұмыстарының нәтижесінде, өңірде аурушаңдық деңгейі біршама азайған. Дегенмен, екпе егу науқаны тұрғындар арасында тоқтаған жоқ. Әсіресе, 1 жасқа дейінгі және одан жоғары балалардың қызылшаға қарсы екпе қабылдағаны өте маңызды екені хабарланды.

2023 жылдың 6 қарашасынан бастап бүгінге дейін 56 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе қабылдаған. Осының арқасында ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді.

«Аймағымызда эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырып, вирус айналымын әлсірету үшін әлі де тиісті контингент екпемен қамтылуы керек. Қазір өңірдегі барлық емханада қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстары жалғасып жатыр. Екпе қабылдаған азаматтарда асқыну жағдайлары болған жоқ. Тағы бір айта кететін жайт, ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес әрбір бала 12-15 айлығында және 6 жасында жоспарлы түрде қызылша, қызамық пен паротитке қарсы вакцина алуы қажет», – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.

syrboyi.kz
Фото: ашық дереккөз 
11 қаңтар 2024 ж. 183 0