Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президенттің мысығына мемлекеттік күзет берілетін болды

Президенттің мысығына мемлекеттік күзет берілетін болды

Индронезия президенті Прабово Субиантоның Бобби Кертанегара деген лақап ат қойылған мысығына ресми түрде мемлекеттік күзет берілетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі South China Morning Post-қа сілтеме жасап.

Бұдан былай жануар Мердека сарайында күзет арқылы жүріп, үнемі қауіпсіздік қызметінің бақылауында болады.

Президент әкімшілігі мысық мемлекет басшысының жеке меншігі екендігін, демек өзге президенттік мүлікпен тең деңгейде күзетілетіндігімен түсіндіріп отыр. Бұл шешім қоғамдық резонанс тудырды. Мысықты күтуге жұмсалатын шығындарға қатысты сындар айтылып жатыр. Дегенмен жылы қоғамдық бейнені қалыптастырды деп жақтағандар да табылды.

Индонезияның «бірінші мысығын» енді полицейлер алып жүреді.

Мәселен, Cat Lovers Social Day 2025 жиынында мысықты үш полицей күзеткен. Мемлекеттік хатшының орынбасары Юри Ардианторо мысықтың жеке күзетке құқығы бар деп отыр. Ол мұның еш әбестігі жоқтығын айтып, ағынан жарылды.

Индонезия президент Прабово Субианто бұл мысықты 9 жыл бұрын көшеден тауып алып, асыраған. Сол кезден бері Бобби тек Индонезияда ғана емес, әлемге танымал бола бастады. Австралияның премьер-министрі Энтони Альбанезе Джакартаға сапары кезінде мысыққа «Австралия Индонезияны жақсы көреді» деген жазуы бар шарф сыйлап, ресми кешкі аста өзі тамақтандырған. Президенттің жануарының атынан тіпті, әлеуметтік желіде парақшалар ашылған. Мәселен, Боббидің Instagram-ында миллион оқырманы бар.

Фото: baq.kz
23 шілде 2025 ж. 103 0