Ресейде 43 адам мінген ұшақ құлады, ешкім тірі қалмады

Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесінің сынықтары Тында қаласынан 15 шақырым қашықтықта табылды. «Росавиацияның» Ми-8 тікұшағы «Ан-24» ұшағы құлаған болжамды аумақта өртеніп жатқан фюзеляжды байқаған.
«Құтқарушылар оқиға орнына бет алды», – деп хабарлады Ресейдің ТЖМ.
Әуе апатының мән-жайын қазір Ресейдің төтенше жағдайлар қызметтері анықтап жатыр. Ресейлік РИА Новости ақпарат агенттігінің мәліметінше, апат салдарынан ешкім тірі қалмаған.
Фото: turkystan.kz