Түркияның бірнеше өңірінде ормандар өртке оранды

AFAD (Төтенше жағдайлар басқармасы) үйлестіруімен барлық төтенше қызметтер жұмылдырылған.
Бурса провинциясында, Гюрсу ауданында орналасқан TOKİ тұрғын үй кешені мен Кестель ауданындағы Аглашан аралығындағы аумақта өрт тұтанып, күшті желдің әсерінен жылдам таралған. Карахыдыр, Ыгдыр және Авданджык ауылдарының тұрғындары қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды. Тілсіз жауды сөндіру жұмыстары әуеден де, жерден де жүргізілуде.
Орханели ауданының Якуплар аумағында да өрт тіркеліп, қазіргі уақытта ол бақылауға алынды, дегенмен толық жою жұмыстары жалғасып жатыр.
Ушак провинциясының Сываслы ауданында дуб орманында басталған өрт көрші орман алқабына таралып, Кетенлик пен Эриджи ауылдарында бірнеше тұрғын үй мен шаруашылық нысандарын күлге айналдырды. Сотендер тұрғындары эвакуацияланған. Мерсин провинциясында, Силифке ауданына қарасты Чадырлы елді мекенінде өрттің таралуы салдарынан Чадырлы мен Бахчедереси ауылдарындағы үйлер мен шаруа қожалықтары материалдық шығынға ұшырады. Қазіргі уақытта өрт ауыздықталған.Кахраманмарашта, Чамлыбель ауданында тұтанған өртті сөндіру үшін көршілес өңірлерден қосымша күштер тартылған, - деп атап өтті жергілікті билік өкілдері.
Сондай-ақ Диярбакыр провинциясының Лидже ауданындағы Дуру елді мекенінде болған орман өрті бірнеше сағаттық күрестен кейін толық сөндірілгені хабарланды. Алдын ала деректер бойынша, шамамен 35 гектар орман алқабы жойылған.
Түрік билігі қазіргі уақытта өрт ошақтарымен күрес тәулік бойы жүргізіліп жатқанын және барлық жауапты құрылымдар жұмылдырылғанын мәлімдеді.
Фото: baq.kz/