Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әзербайжан мен Армения Ақ үйде бейбіт келісімге қол қояды

Әзербайжан мен Армения Ақ үйде бейбіт келісімге қол қояды

АҚШ президенті Дональд Трамп Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен Ақ үйде өтетін тарихи бейбітшілік саммитін асыға күтіп отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social желісінде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ Известияға сілтеме жасап.

Бұл екі ел ондаған жылдар бойы соғысып келді. Ертеңгі саммит – бейбітшілікке жасалған маңызды қадам, - деді Трамп.

Оның айтуынша, кездесу барысында екі ел арасында бейбіт келісімге қол қою рәсімі өтеді деп күтілуде. Сондай-ақ, АҚШ Армения және Әзірбайжанмен экономикалық ынтымақтастық туралы екіжақты келісімдер жасамақ.

Трамп бұл келісімдер Оңтүстік Кавказ аймағының әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұған қоса, Ақ үйдегі саммит аясында Армения Нахичеванды Әзірбайжанмен байланыстыратын көлік дәлізін игеру құқығын АҚШ-қа беруі мүмкін екені хабарланды. Бұл инфрақұрылым Армения заңнамасына сай жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, Пашинян бұған дейін Армения Конституциясына бейбітшілік келісіміне қол жеткізу үшін өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Фото: ​baq.kz​​​ 
08 тамыз 2025 ж. 95 0