Путин мен Пашинян Қарабақтағы жағдайды талқылады
Ресей президенті Владимир Путин Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ресей мемлекеті басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әңгімеге Армения тарапы ынта білдірген.
Кремльдің хабарламасында Путин мен Пашинян Қарабақтағы жағдайдың дамуымен қатар Армения-Әзербайжан шекарасындағы қауіпсіздік мәселелерін талқылағандары жазылған.
Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары Ресей, Армения және Әзербайжан арасындағы 2020 жылғы 10 қарашадағы, 11 қаңтардағы және 2021 жылғы 26 қарашадағы барлық келісімдерді орындаудың маңызына тоқталды.