Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстан "Росатоммен" бірлесіп ірі АЭС салады

Өзбекстан "Росатоммен" бірлесіп ірі АЭС салады

Өзбекстан Ресейдің "Росатом" корпорациясымен бірлесіп, қысқа мерзімде ірі атом электр станциясын (АЭС) салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресейлік БАҚ таратқан деректерге сүйенсек, Өзбекстан президентіне Ташкенттегі энергиямен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баяндама жасап, атом станциясының құрылысына ерекше назар аударған.

    Біз "Росатоммен" ірі атом электр станциясын салу туралы құжатқа қол қойдық. Қазір осы құжат негізінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл – ірі станцияны еліміздің энергожүйесіне қосу мүмкіндіктерін қарастырып, қысқа мерзім ішінде ауқымды нысанды іске қосуды көздейді, – деді Ахмедхаджаев.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау берілетіні туралы жазған болатынбыз.

baq.kz
10 тамыз 2025 ж. 69 0