Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінді

Қырғыз Республикасы Сейсмология институтының хабарлауынша, жерасты дүмпулері сағат 00:31-де тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Талды-Суу ауылынан солтүстікке қарай 5 шақырым, Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 шақырым жерде орналасқан.
Талды-Суу ауылында сілкініс қарқыны 3 баллды, Сары-Моғол және Арча-Булақ ауылдарында – 2,5 баллды құрады.
Бұған дейін Түркияның Балыкесир қаласында 4,6 баллдық қайталама жер сілкінісі болғаны хабарланған еді.
Фото: turkystan.kz