Пәкістанда топырақ көшкінінен жеті адам қаза тапты

Оқиға 11 тамыз күні Даниор қаласында болған. Құрбандар су тасқынынан зардап шеккен дренаждық каналдарды қалпына келтіру жұмысына қатысқан. Құтқарушылар қаза тапқандардың денелерін алып шықты, жараланғандар ауруханаға жеткізілді.
Көшкін мұздық көлінің бұзылуынан туындаған су тасқыны салдарынан орын алған. Бұл жағдай Пәкістан мен Қытай арасындағы көлік қатынасы мен сауда байланысын үзді. Су тасқыны Хунза өзенінің арнасынан тасуына әкеліп, ауыл шаруашылығына елеулі залал келтірген.
Фото: baq.kz