Әлемдегі қашықтан жұмыс істеуге ең қолайлы қала анықталды

интернеттің жоғары жылдамдығы,
дамыған көлік инфрақұрылымы,
қауіпсіздік деңгейі,
мәдени өмірдің алуан түрлілігі әсер еткен.
Сонымен қатар 2024 жылдың сәуірінен бастап Жапонияда "цифрлық көшпенділерге" арналған арнайы виза қолданысқа енгізілді. Ол шетелдік мамандарға елде 12 айға дейін еркін тұруға мүмкіндік береді.
Сарапшылардың айтуынша, Токионың тағы бір артықшылығы – оның таулы аймақтарға, жағажайларға және ұлттық парктерге жақын орналасуы. Бұл қала мегаполистің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, табиғат аясында тынығуды қалайтындар үшін таптырмас жер.
Рейтингте екінші орынға Рио-де-Жанейро, үшінші орынға Будапешт жайғасты. Ал үздік ондыққа Сеул, Барселона, Бейжің, Лиссабон, Рим, Париж және Валлетта кірді.
Фото: baq.kz