Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлыбритания таяу күндері Палестинаны ресми түрде мойындайды

Ұлыбритания таяу күндері Палестинаны ресми түрде мойындайды

Ұлыбритания Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындау туралы шешімді алдағы демалыс күндері жариялауы мүмкін. Бұл туралы Times басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Премьер-министр Кир Стармер бұл мәлімдемені АҚШ президенті Дональд Трамптың Лондонға сапары аяқталғаннан кейін жасауға шешім қабылдаған. Себебі ол мәселенің екі ел көшбасшыларының бірлескен баспасөз мәслихатында басты тақырыпқа айналуынан қауіптенген.

Times-тың дерегінше, Трамп Ұлыбританиядан кеткен соң, Стармер Палестинаны тану туралы ресми мәлімдеме жасайды.

Бұған дейін, 31 тамызда Guardian Ұлыбритания қыркүйек айында Палестинаны мойындауға ниетті екенін хабарлаған еді.

Сонымен қатар, 10 тамызда британдық БАҚ елдің Израильге қарсы санкциялар пакетін әзірлеп жатқанын жазған. Әсіресе, Газа секторын басып алу жоспарына байланысты Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі Израиль әскерінің елде жаттығуына тыйым салуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Фото: baq.kz
18 қыркүйек 2025 ж. 43 0