Үндістанда нөсер салдарынан 10 адам қаза тапты

NDTV телеарнасының мәліметіне сүйенсек, қала билігі қатты жауынға байланысты мектептерде сабақ өткізуге уақытша тыйым салған.
Чиновниктердің айтуынша, әртүрлі аудандарда найзағай соғып, жауыннан туындаған өзге де жағдайлардан 10 адам қаза болған.
Нөсер жауын тудырған су тасқыны қаладағы қозғалысты қиындатты. Сондай-ақ билік Калькутта әуежайында 62 әуе рейсі тоқтатылып, тағы 42 рейс кейінге шегерілгенін айтты.
Фото: baq.kz