Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда күшті жер сілкінісі болды

Түркияда күшті жер сілкінісі болды

Түркияның Кутахья провинциясында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісі Симау ауданында тіркелді.

Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлар мен апаттардың зардаптарын жою басқармасы (AFAD) ресми сайтында мәлімдеді.

Жер асты дүмпулері жергілікті уақытпен 12:59-да тіркелген. Магнитудасы 5,4 болған жер сілкінісінің ошағы 8,46 км тереңдікте орналасқан.

Фото: ашық дереккөзден алынды 
28 қыркүйек 2025 ж. 57 0