Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлыбританияда қауіпті масалар анықталды

Ұлыбританияда қауіпті масалар анықталды

Ұлыбританияда алғаш рет үш бірдей қауіпті тропикалық ауруды тарата алатын масалар анықталғаннан кейін ғалымдар шұғыл ескерту жасады. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасай отырып BAQ.KZ хабарлайды.

Ұлыбританияның денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігі (UKHSA) мысырлық және жолбарыс масаларына тиесілі жұмыртқаларды тапқан.

Бұл түрлер денге безгегі, чикунгунья және Зика вирусын тасымалдауға қабілетті, – делінген хабарламада.

Алғаш рет мысырлық масалардың жұмыртқалары 2023 жылы Хитроу әуежайы маңындағы жүк қоймасынан табылса, жолбарыс масаларының жұмыртқалары 2024 жылы М20 тасжолындағы техникалық қызмет көрсету станциясының жанынан анықталған.

    Барлық деректерге қарағанда, бұл түрлер Ұлыбритания аумағында әлі орнығып үлгермеген, – деп мәлім етті агенттік.

Мамандар климаттың өзгеруі мен қыстың жұмсаруына байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Алдағы уақытта мұндай инвазивті түрлердің ел аумағына еніп, тұрақтап қалу қаупі бар екені айтылды.

Фото ашық дереккөзден алынды
04 қазан 2025 ж. 72 0