Индонезияда мектеп ғимараты опырылып, 14 адам қаза тапты

Жергілікті БАҚ ұлттық төтенше жағдайлар агенттігіне (BNPB) сілтеме жасап мәлімдегендей, соңғы мәлімет бойынша 167 адам жарақат алған. Тағы 49 оқушы жоғалып кеткендердің қатарында — оларды іздестіру жұмыстарын біріккен құтқару топтары жалғастырып жатыр.
Қайғылы оқиғаның себебі әзірге анықталған жоқ. Қазір билік орындары тергеу жүргізіп, келтірілген залал көлемін бағалау үстінде.
Фото: baq.kz