Мьянмадағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 1700-ге жетті

Осыған дейін Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1644-ке дейін жеткені белгілі болатын.
Елдің мемлекеттік әкімшілік кеңесінің мәліметі бойынша, Мьянмадағы қатты жер сілкінісі салдарынан 1,7 мыңға жуық адам қаза тапты, 3,4 мың адам зардап шекті, ал 300-і хабар-ошарсыз кетті, - деп хабарлайды агенттік.
Еске сала кетейік, жұма күні Мьянма аумағында 7,7 баллдық жер сілкінісі болды, көршілес бес елде, соның ішінде Таиландта да жер сілкінді.
Фото: baq.kz