Boeing ұшағы апатқа ұшырады

Emirates EK9788 рейсі Дубайдан шамамен жергілікті уақыт бойынша 03:50-де келген. Ұшақ қону кезінде жолақ шегінен асып кетіп, әуежайдың патрульдік көлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан патрульдік көліктегі екі қызметкер қаза тапты, ал ұшақтың төрт экипаж мүшесі аман қалды.
Билік оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу бастады.
Апатқа ұшыраған Boeing 747 ұшағы түрік Act Airlines компаниясына тиесілі және жүксіз ұшқан. Әуежай әкімшілігі бір ұшу жолағын жапты, бірнеше рейс кейінге шегерілді.