Ыстамбұл маңында күшті жер сілкінісі болды
Түркияның төтенше жағдайларды басқару агенттігінің (AFAD) мәліметтері бойынша, Ыстамбұл маңындағы Қара теңізде 3,7 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Кандилли сейсмологиялық орталығы магнитудасын сәл жоғары, 3,9 деп бағалады.
Эпицентрі қаладан солтүстік-батысқа қарай жағалаудан 16 км қашықтықта, 13 км тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісі сағат 21:44-те (Астана уақыты бойынша) болды және мегаполистің бірнеше ауданында сезілді. Қазіргі уақытта қираулар немесе құрбандар туралы ақпарат жоқ. Халық арасында үрей жоқ.
Фото: ашық дереккөзден алынды










