Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Чилидегі президент сайлауының нәтижесі белгілі болды

Чилидегі президент сайлауының нәтижесі белгілі болды

Чилиде өткен президенттік сайлауда оңшыл республикалық партия өкілі Хосе Антонио Каст жеңіске жетіп, елдің келесі президенті атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Ол 58 пайыздан астам дауыс жинап, солшыл коалиция кандидаты Жанетт Хараны жеңді.

Сайлау науқаны негізінен қауіпсіздік, қылмыс және заңсыз иммиграция мәселелеріне арналды. Каст тәртіпті күшейтуге, заңсыз мигранттарды депортациялауға және мемлекеттік шығындарды қысқартуға уәде берді.

Бұл нәтиже 1990 жылдан бергі Чилидегі ең ірі саяси бетбұрыс ретінде бағаланып отыр. Каст Дональд Трамптың жақтаушысы ретінде танымал және бұрынғы диктатор Августо Пиночетті қолдайтынын жасырмайды.

Президент қызметіне ол келесі жылдың наурыз айында кіріседі.
15 желтоқсан 2025 ж. 50 0