2025 жыл Қытайда ең жылы жыл болды
KAZINFORM - 2025 жылы Қытайда 1961 жылдан бергі ең жылы жыл болды. Елдегі орташа температура 11 градус Цельсий болды, деп хабарлайды Kazinform.Синхуа агенттігінің мәліметінше, маусымнан тамызға дейінгі орташа температура 22,3 градус Цельсий болған, бұл маусымдық нормадан 1,1 градусқа жоғары. Осылайша, өткен жылғы жаз 2024 жылғы жазбен қатар 1961 жылдан бергі ең жылы болды.
Өткен жылы Бейжіңде 1961 жылдан бергі ең көп жауын-шашын болды. Солтүстік Қытайдағы жаңбырлы маусымның ұзақтығы және осы кезеңдегі жалпы жауын-шашын мөлшері де тарихи ең жоғары деңгейге жетті.
Осы айға арналған болжам туралы айта келе, метеорологтар солтүстік Қытай төмен температураның, қардың және аязды жаңбырдың ықтимал теріс әсерлеріне дайындалуы керек, ал елдің оңтүстік бөліктері метеорологиялық құрғақшылықтың әсеріне қарсы шаралар қабылдауы керек деп ескертеді.
Фото: Синьхуа










