Ұлыбритания балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салмақ
Ұлыбритания үкіметі кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желілерді пайдалануына түрлі шектеулер енгізілген басқа елдердің тәжірибесін және оның тиімділігін зерттемек, деп хабарлайды Reuters.Бұл тақырып бойынша кеңестер дүйсенбі күні, 19 қаңтарда басталды, деп хабарлайды Reuters.
Атап айтқанда, британиялық үкімет өкілдері 2025 жылғы желтоқсан айында 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға толық тыйым енгізген Аустралияға баруды жоспарлап отыр. Бұл қадам балаларды онлайн кеңістіктегі грумингтен және буллингтен қорғау мақсатында қабылданған.
Аустралия әлемде алғаш болып осындай қатаң әрі жаппай тыйым енгізген ел атанды. Алайда бұл шешімге бірқатар интернет-ресурстар, сондай-ақ бірнеше жасөспірім сот арқылы қарсы шыққан.
Ұлыбритания билігі нақты қандай жас шегін қарастырып отырғаны әзірге хабарланған жоқ.
Reuters агенттігінің мәліметінше, британдық консультациялар күн тәртібінде әлеуметтік желілерді пайдалануға қойылатын шектеулерден бөлек, мектептерде ұялы телефондарды қолдануға қатысты анағұрлым қатаң ережелер енгізудің тиімділігі де талқылануып жатыр.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: АЗӘРТАДЖ










