Филиппинде кеме апатынан 62 адам қаза тапты
Филиппиннің Минданао өңірінде 26 қаңтарда болған паром апатынан қаза тапқандар саны 62 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Anadolu агенттігінің мәліметінше, бұл туралы Филиппин жағалау күзеті (PCG) Meta компаниясына тиесілі Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеген.
Мәлімдемеде құтқарушылар жалпы саны 62 адамның денесін тапқаны, тағы 17 адамның әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткені, ал 293 адамның аман қалғаны айтылған.
Оқиға
359 адамды – 332 жолаушы мен 27 экипаж мүшесін тасымалдаған паром 26 қаңтарда Филиппиннің Минданао өңірінде суға батқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Халқы шамамен 117 миллион адамды құрайтын Филиппин архипелагында бұған дейін де адам шығыны көп паром апаттары тіркелген. Мәселен, 2023 жылы Замбоангадан Сулу провинциясына бағыт алған паромда шыққан өрт салдарынан 30-дан астам адам қаза тапқан.
Фото: baq.kz











