Қытай аумағында жер сілкінді
Сейсмологтар 15 мамыр түні Қытай аумағында 4,5 магнитудалы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық деректер орталығы.ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстан деректер орталығы мәліметі бойынша, 2026 жылдың 15 мамырында Қытай аумағында Астана уақыты бойынша сағат 00:23-те жер сілкінісі тіркелді.
Эпицентр координаттары: солтүстік ендік бойынша 41,32 градус, шығыс бойлық бойынша 84,00 градус. Магнитудасы - 4,5. Энергетикалық класы K = 10,7. Тереңдігі h = 20 км.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: oxu.az










