Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Газада қаза тапқандар саны 72 мыңнан асты

Газада қаза тапқандар саны 72 мыңнан асты

2025 жылғы 10 қазанда күшіне енген бітім режимінен бері Газа секторында Израильдің шабуылдары салдарынан 981 палестиналық қаза тауып, 3 104 адам жараланған, деп хабарлайды ақпараттық агенттігі Anadolu сілтеме жасап.

Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте Газа ауруханаларына үш адамның мәйіті мен бес жаралы жеткізілген.

Ведомствоның хабарлауынша, бітім жарияланғаннан кейінгі сегіз ай ішінде қаза тапқандар саны 981 адамға жеткен. Сонымен қатар үйінді астынан тағы 783 адамның денесі шығарылған.

2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 72 991 адамға жетсе, жараланғандар саны 173 212 адамға дейін өскен.

Палестина тарапы қираған ғимараттардың үйінділері астында әлі де мыңдаған адамның денесі қалып отырғанын мәлімдеді.

baq.kz
12 маусым 2026 ж. 37 0