Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Грекияда Батыс Ніл безгегінен қайтыс болғандар саны артып келеді

Грекияда Батыс Ніл безгегінен қайтыс болғандар саны артып келеді

Қайтыс болғандар саны ондаған адамға жетті.
Грекияда Батыс Ніл безгегін жұқтырған кемінде 24 адам қайтыс болды. 2026 жылдың басынан бері елде 290 жұқтыру жағдайы тіркелген, оның ішінде 32 науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

Грекияның Ұлттық денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, өткен бейсенбіден бері ғана 58 жаңа жұқтыру жағдайы анықталған. Осылайша, 2026 жылдың басынан бері инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 290 адамға жетті.

Жағдайлардың ең көп саны елдің оңтүстігіндегі Шығыс Аттикада, сондай-ақ Афинаның солтүстік маңындағы аудандарда тіркеліп отыр. Қазірдің өзінде вирус Грекияның 13 өңірінің алтауынан анықталды, – деп хабарлайды «Интерфакс».

Грекиялық сарапшылар алдағы апталарда инфекцияның одан әрі таралуын күтуде. Олардың бағалауынша, жағдай қыркүйек айында күрделенуі мүмкін, себебі дәл осы кезеңде Батыс Ніл безгегімен сырқаттану деңгейі әдетте жоғарылайды.

Батыс Ніл безгегі – масалардың шағуы арқылы таралатын жедел инфекциялық ауру. Оның негізгі белгілеріне қатты бас және бұлшықет ауруы, құсу және ұйқышылдық жатады.

baq.kz
Фото: baq.kz
04 қыркүйек 2026 ж. 49 0