44 жылдан кейін: «Мисс әлем» тәжін Доминикан аруы жеңіп алды
«Мисс әлем» халықаралық сұлулық байқауының 75-финалында Доминикан Республикасының өкілі Джохейри Мола Домингес бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz. 24 жастағы жеңімпаз – журналист әрі қоғам белсендісі. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Доминикан Республикасы «Мисс әлем» атағын 44 жылдан кейін қайта иеленіп отыр. Бұған дейін аталған елдің өкілі Мариасела Альварес 1982 жылы байқау жеңімпазы атанған болатын.
Байқаудың бірінші вице-миссі атағын Испания өкілі Элизабет Рейнес иеленсе, екінші вице-мисс атағы Малайзиядан келген Таанусия Четтиге бұйырды.
«Мисс әлем-2026» байқауының финалы Вьетнамның Нячанг қаласында өтті. Биыл әлемнің 111 елінен келген ару бас жүлде үшін бақ сынады. Қатысушылар өз елдерінде өткен ұлттық іріктеу кезеңдерінен кейін Вьетнамға жиналып, 29 тамыздан бастап түрлі дайындық шаралары мен байқаудың бірнеше кезеңіне қатысты.
Сурет: ашық дереккөзден










