Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Әлем аруы 2021» титулы польшалық бойжеткенге бұйырды

«Әлем аруы 2021» титулы польшалық бойжеткенге бұйырды

Польшалық Каролина Белявска «Әлем аруы – 2021» сұлулық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы конкурс сайты мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқауға түрлі елден 90-нан астам бойжеткен қатысты, соның ішінде Ирак пен Сомали да бар. Бұл екі ел «Әлем аруына» алғаш рет өз өкілдерін жіберіп отыр. Финалға тек 40 қатысушы өтті. Бірінші вице-мисс титулына АҚШ-тан келген Шри Сайни ие болды. Кот-д'Ивуар өкілі Оливия Ясе екінші вице-мисс атанды.
18 наурыз 2022 ж. 844 0