Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жиырмадан асқан қызға ұқсайсың": жас жігіттер 51 жастағы анаға ғашық болып, сезімдерін білдіруде

"Жиырмадан асқан қызға ұқсайсың": жас жігіттер 51 жастағы анаға ғашық болып, сезімдерін білдіруде

АҚШ, Калифорнияда тұратын Лауре Хейккиленің жасы елуден асқан. Алайда, ол әлі күнге дейін жігіттердің арманы. Хейккиленің суреттеріне қарап-ақ оның сұлулығына тамсанатын ер азаматтарды түсінуге болады,

Лаура отыз бес жасына дейін дене пішімін қалыпқа келтіруді, денсаулықты бақылаумен айналыспаған. Зиянды тамақтарды жеп жүрген ол залға барып жаттығу туралы ойланбаған да. Жастық шағының арқасында арық әрі сүйкімді ару қалпында тіршілігін жалғастыра берген. Тек отыз беске келіп, бала босанғанда ғана Лаура өз-өзін міндетті түрде қолға алып, сұлулықты жоғалтпау керектігін түсінген. 

 Ол өзінің тамақтану рационын өзгертіп, ауыр атлетикаға қатты қызыққан. Калифорния тұрғыны спорттың бұл түрімен он бес жыл бойы айналысады. Ауыр атлетикаға қызыққалы бері Лаураның өз-өзіне деген сенімі артқан. Дене пішіміндегі өзгерістер де әйелді қуантқан. 
Бүгінде Лаура "Инстаграмдағы" танымал тұлғалардың бірі. Оның парақшасында жиырма жеті мыңға жуық оқырман бар. Лаура — жаттықтырушы, холистика медицинасының докторы. 
Америкалық әйелдің сөзінше, оны ер адамдар кездесуге жиі шақырады, оған жиі көңіл бөледі. Жасы елу бірде екеніне сенбейді, деп жазады Daily Mail. Ал Лаура жиырма жыл бұрын шаңырақ көтерген, ол өзінің жарымен бірге бақытты өмір сүріп жатыр. Лаураның күйеуі де спортпен шұғылданады.
 "Кейде менің инстаграмым жекеме шығып жазатын жігіттердің есебінен танысу сайтына ұқсап кетеді. Маған: "Жиырмадан асқан қызға ұқсайсың, шыныменде жасың елуде ме?" деген жазбалар қалдырады", — дейді ол.
51 жастағы өзін мысалға ала отырып, әркімнің жақсы жаққа қарай өзгеріп кете алатынын түсіндіріп, адамдарды шабыттандырғысы келеді.

http://stan.kz 

01 маусым 2019 ж. 927 0