Неймарға зорлау ісі бойынша айып тағылды
GloboEsporte.com басылымының мәліметінше, ПСЖ шабуылшысы Неймарға зорлау ісі бойынша айып тағылып отыр, деп жазады Prosports.kz. Мұндай арыз Бразилияның Сан-Паулу қаласында тіркелген. Алайда жәбірленушінің сөзіне қарағанда, оқиға 15 мамырда Парижде орын алған. Жәбірленуші бойжеткеннің айтуынша, бразилиялық футболшымен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Ал ойыншының өзі де, оның өкілдері де бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ.
https://arhar.kz