Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Желі қолданушылары бетін тұтастай мең басқан қыз баланы мазаққа айналдырды

Желі қолданушылары бетін тұтастай мең басқан қыз баланы мазаққа айналдырды

Американың Флорида штатының тұрғыны баласының елдің мазағына айналғаны айтып ашуланды.

35 жастағы Кэрол Феннер биылғы жылдың наурыз айында Луна есімді қыз баланы өмірге әкелді. 
Қыз баланың бетінде үлкен қара меңі бар. Бұл 20 мың баланың бірінде кездеседі. Дәрігерлер балада қатерлі ісік болуы мүмкін екенін ескертті. Алайда тексерік нәтижесінде қыз баланың жарасының қауіптілігі анықталған жоқ. 
Анасы Лунаның суретін жариялады. Желі қолданушылары баланың жағымсыз кейпі туралы жазып жатты. 
"Мына баланы өлтіріп тастаған дұрыс шығар асырап-баққанша", - деді олар. 
Лунаның бетіндегі қара дақ оның мұрны мен көзін, маңдайын жауып қалған. 
Кейбір желі қолданушылары керісінше қолдау көрсетті. 
"Кейбіреулер өз бетін қарамен бояп, суретін жіберді. Маған осылай қолдау көрсетті", - деді анасы. 
Ата-анасы қызының бойжеткен кезіне алаңдайды. Қазір денсаулығына қауіп болмайтындай жолмен дақты кетірудің амалын іздеуде. 
Кейбір маман Лунаның біраз жасқа жетуі керек екенін ескертсе, енді бірі қазір ота жасау керек екенін айтуда.

https://stan.kz  

15 шілде 2019 ж. 1 082 0