Ресейдің сайлау комиссиясының басшысына шабуыл жасаған қазақстандықтың кім екені анықталды (ФОТО)
Ресей Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилованың үйіне түсіп, оған шабуыл жасаған қазақстандықтың кім екені анықталды. Бұл туралы Риа Новости хабарлады.
Бүгінде шенеунікке шабуыл жасаған қазақстандық ұсталған. Оның кім екендігі де анықталған. Бірақ, ұсталған қазақстандықтың айтуынша, оның Э.Памфиловаға шабуыл жасау ойында болмаған. Ол Орталық сайлау комиссиясы басшысының үйіне тек тамақ іздеп барыпты.
Ал, шенеуніктің сөзінше, ол нағыз шок алған. Алайда, Памфилова қазақстандық үйіне баса-көктеп кірмей, есіктің қоңырауын басып, тамақ пен жұмыс сұраса, екеуін де беретін едім дейді.
«Тамақ та беретін едім. Мен қарны аш иттер мен мысықтарды тамақтандырамын, үйі жоқ екі мысық менің үйімде тұрады. Ал адамға тамақ беру мүлде проблема емес», - дейді Ресейдің ОСК басшысы.
Ол қазір бұл жағдайға күліп қарағанымен, сол уақытта басқа сезімде болғанын айтады.
Айта кетейік, демалыс күндері белгісіз біреу Элла Памфилованың үйіне кіріп, оны бірнеше рет электрошокермен ұрып, тығылып қалғаны туралы ақпарат пайда болды.

Артынша шабуылшының қазақстандық Башит Қарабалаев екені анықталды. Бес жылдай уақыт шамасында Ресейде тұратын азамат құжаттарын жоғалтып алған. Қазір ол еш жерде жұмыс істемейді, орманда өз қолынан жасалған лашықта тұрады.
Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилованың жағдайына алаңдап, президент Владимир Путиннің өзі оған қоңырау шалған.
https://syr-media.kz/news/11908-reseyd-saylau-komissiyasyny-basshysyna-shabuyl-zhasaan-azastandyty-km-eken-anytaldy-foto.htmlОрталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилованың жағдайына алаңдап, президент Владимир Путиннің өзі оған қоңырау шалған.
Пікір 28