Қызылордада балық өңдейтін 9 зауыт бар

«Қамыстыбас балық питомнигінде жыл сайын 15 млн. дана балық шабақтары өсіріліп, балық шаруашылығы маңызы бар көлдерге және Кіші Арал теңізіне жіберілуде. Өңірде жылдық қуаттылығы 12,5 мың тонна болатын 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның 4-уі Еуропалық сапа стандартына сәйкес. Яғни, «Еврокод»саны бар. Зауыттарда 500-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал маусымдық жұмысшылар саны үш мыңға жуық», – деді Бауыржан Оспанов.
kyzylorda-news.kz