Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өсімге толы өзгеріс

Өсімге толы өзгеріс

Ескі жылдың тарихқа айналғанына да айға жуықтады. Жылдар жігінде атқарылған іске есеп беріп, жеткен жетістіктерге тоқталып, жіберген қателіктерді сараптау, сол бағытта тиісті жұмыстар атқару алдағы уақытта табысқа жетудің нақты жолы. Расында өткен уақытқа есеп беру арқылы келешегімізді кемелдей түсеріміз даусыз.
Аудан көлемінде де былтыр көптеген жұмыс істелді.Нәтижесіне қанықтық. Қай салада, қаншалықты өсімге қол жеткізгенімізді ашық айта өтсек. Аудандық статистика бөлінімінің мәліметі бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022 жылғы негізгі көрсеткіштерін төмендегідей атап, көрсетіп отыр.
Ауданның қазынасын толтырудағы басты құрал бірінші кезекте өнеркәсіп саласы деуге болады. Өнім өндіріп, оны экспортқа шығарып келе жатқан кәсіпорындар 2022 жылы ағымдағы бағамен 24 553 637,0 мыңтеңгенің өнімін өндірді. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы өндірілген өнім көлеміне қарағанда нақты көлем индексімен 123,9 пайызға орындалғанын байқауға болады. Бұл ретте ауданның сыртқы нарыққа шығатын басты өнімдері ретінде йодталған ас тұзы, балық пен кварц құмы және тепловоздар мен жабдықтарды жөндеужұмыстарының қайсысы болса да өсімге ие болды.
Ал асыраушы саланың да тындырымды ісі айтарлықтай мол көлемді қамтып отыр. Осы бағытта еңбек етіп келе жатқан 1акционерлік қоғам, 11 өндірістік кооперативтер, 10 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 мемлекеттік мекеме мен 1253 шаруа немесе фермер қожалықтары ет, сүт, өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы бойынша 2021 жылдан 104,2 пайызға артығымен орындады. Мал басын арттыру жұмысы да жүйелі іске қойылған. Әсіресе мүйізді ірі қара, жылқы мен түйе саны биылғы жыл басындағы есеп бойынша көбейгені байқалса, керісінше, қой мен ешкі басы3,6 пайызғакеміп отыр.
Тағы бір басты қозғаушы саланың бірі – инвестиция, құрылыс саласы екені жасырын емес. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та халықтың әл-ауқатын арттыру үшін экономикалық аймақтар инвестиция көлемін арттыру қажеттігін жиі айтып жүр. Міне, осы тапсырманы тыңғылықты орындаған Қызылорда облысы инвестиция тарту бойынша көш бастап тұрғаныҮкімет жиынында айтылды.Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров атап айтса, ауданымыз да инвестиция, құрылыс жұмысын жоспарлы түрде жоғарғы деңгейде іске асырып келеді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі толықтай игеріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға артықорындалған. Қаржыландыру көздері бойынша бөлінген барлық қаражат тиісті бағытта мақсатты жұмсалды.Ал құрылыс жұмыстарының көлемі де 122,7 пайызға артығымен орындалды.
Осы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аудан бойынша 28378 шаршы метр тұрғын ғимараттар пайдалануға беріліп, 3,1 пайызға артық орындалды. Осылайша баспана жағдайы да кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.
Тағы бір өсім көрсеткен сала – сауда бағытындағы жұмыстар. Тауар айналымы жалпы көлемінің негізгі пайызын саудамен айналысатын кәсіпорындар мен қызметін негізінен тұрақты сауда орындарында жүзеге асыратын кәсіпкерлер барыс жылында да барынша аудан қазынасын толықтырды.
Ал демография дүмпуі ше? Жалпы елдің өсіп-өнгендігіне тікелей әсер етуші негізгі фактор – адам. Бұл тұста статистика бөлімінің басшысы Е.Қапанов:
– Өз кезегінде ауданымыздағы демографиялық жағдайды да айтап өткен жөн болар. Мемлекетіміздің басты капиталы – ел азаматтары. Сондықтан олардың әрқайсысы мемлекетіміз үшін қымбат. Нақты айтар болсақ, статистикалық жедел мәліметтер бойынша, аудан халқы 2022 жылдың 1 желтоқсанына 78601 адамды құрап отыр. Бұл көрсеткіш облыс аудандары арасында халық саны жөнінен Жаңақорған, Шиелі аудандарынан кейінгі үшінші нәтиже болып саналады. Ал аймақ тұрғындарының жалпы саны 832488 адамды құрап отыр.Ашып айтар болсақ, аудандағы 78601 тұрғынның 36871-і қала тұрғыны. Қалғаны ауылдық жерлерде тұрады. Халықтың 40216-сын ерлер, 38385-ін әйелдерді құрайды.Ауданда табиғи өсім туғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылыққа сәйкес есептелетін болса, туғандар саны өлгендер санынан әлдеқайда жоғары. 2022 жылдың он бір айында 1821 сәби дүниеге келді. Ал көші-қон мәселесі бойынша да халықтың өсіміне ерекше әсер ететіндей ілгерілеушілік бар. 2022жылдың он бір айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда келушілердің саны 11,6 пайызға артып, 1213 адамға жеткен. Бұл бірінші кезекте ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруымен тікелей байланысты, – дейді.
Алдағы уақытта да осы көрсеткіштер оң өзгерістерге ие болып, нәтижелі өсімдерге қол жеткіземіз деп анық сеніммен айта аламыз.
О.ЖОЛДАСОВ
28 қаңтар 2023 ж. 705 0