Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

14 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 14 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынадыдеп хабарлайды inform.kz.
АТАУЛЫ КҮНДЕР
Дүниежүзілік сапа күні
Жыл сайын қарашаның екінші бейсенбісінде аталып өтеді. Осындай мерекені жыл сайын тойлау бастамасын Еуропа сапа ұйымы ұсынып, БҰҰ қолдады. Мереке 1990 жылы бекітілді. Халықаралық күнтізбеге бұл атаулы күнді енгізудегі мақсат әртүрлі елдердегі алуан түрлі компаниялар ұсынатын өнімдер мен қызметтердің сапасына жұртшылықтың назарын аудару болды.
Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні
БҰҰ Бас Ассамблеясының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы арнайы қарарында жарияланған. 2007 жылдан бастап, жыл сайын 14 қараша күні аталып өтеді.
Алғашқы рет Дүниежүзілік диабет күнін 1991 жылы IDF пен ДДСҰ өткізген. Оның мақсаты - дүние жүзін диабетке қарсы күреске жұмылдыру.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1944 жылы Грузин ССР-ден месхеттік түріктерді жер аудару басталды (күрдтер, хемшилдер және мұсылман мешхтері де жер аударылды). Месхет түріктері Қазақстанға, Қырғызстанға және Өзбекстанға мәжбүрлі түрде қоныс аударды. Жалпы 115,5 мың адам шығарылды. Жер аударылған месхет түріктері Орталық Азияның үш республикасының әртүрлі аймақтарындағы бөлек ауылдарға «арнайы қоныс аударушылар» ретінде (яғни, тұрғылықты жерін өзгерту құқығынсыз) таратылды.
2006 жылы Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен АҚШ Елшілігінің ресми ашылу салтанаты болып өтті. 2008 жылы Баку қаласында қазақстандық «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен «SOCAR» (Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы) Қазақстандық Каспий тасымалдау жүйесін құру туралы келісімге қол қойды.
Қазақстандық Каспий тасымалдау жүйесіне (ҚКТЖ) «Ескене-құрық» мұнай құбырының құрылысы және Транскаспий жүйесін (Құрық-Баку) құру кіреді.
2011 жылы Қазақстанда республиканың тарихында алғаш рет «Кәсіпкерліктің ғаламдық апталығы» өтті.
Апта бойы Қазақстандағы қозғалыс қатысушылары бизнесті дамыту проблемалары мен мәселелеріне назар аударды.
2012 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 67-сессиясының аясында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңесіне сайлау өтіп, соның барысында Қазақстан Республикасы алғаш рет Кеңес мүшесі болып сайланды. Қазақстан кандидатурасы үшін 183 мемлекет дауыс берген.
2013 жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен қамтамасыз ету шараларын жүргізетін Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі агенттік құрылды. 2018 жылы жастарды жан-жақты қолдау мақсатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады.
2018 жылы қазақстандық 120 бітімгер БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштерінің құрамында қызмет ететін «БҰҰ көк дулыға» қатарына қосылды. Миссияның негізгі міндеті - Ливан-Израиль шекарасын бақылау және Ливанда бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау.
14 қараша 2019 ж. 796 0