Елжан Біртанов қазақстандық дәрігердің жанайқайына жауап берді

"Өзім де білемін - кейде емделушілердің ауыр сөзі көңілге тиіп жатады. Бірақ сіз бұл дөрекіліктің бәріне назар аудармай, медицинадағы қызметіңізді әрі қарай жалғастырады деп сенемін. Себебі қызметіңізге адал маман екеніңіз бірден көрініп тұр.
Яғни, сіз - бүгінгі медицина мен халыққа керек нағыз мамансыз. Мен сізге сабырлық тілеймін, ең бастысы - мықты денсаулық! Құрметті әріптестер, абай болыңыздар.
Сіздер халыққа керексіздер!", - деді Біртанов Facebook желісіндегі парақшасында.
Қазақстандық дәрігер жанайқайын әлеуметтік желіде жеткізді
Еске салайық, күні кеше маңғыстаулық дәрігер Instagram желісіндегі v.aktau парақшасында аноним түрде қызметінің қиын тұстарын, кадр жетіспеушілігін және емделушілердің дөрекі қарым-қатынасы жайлы аноним түрде айтып берді.