Қанағатшылдық, қарапайымдылық–көргенділіктің белгісі
Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі–орынсыз сән-салтанат емес, керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық. Бұл көргенділікті көрсетеді.
Ертеде құндылықтарымыздың құнын жоғалтпай, қолда бардың қадірі мен бағасына жете білген қазақтың ұрпағымыз. Кешегі өткен бабаларымыз бір уыс топырағының өзін далаға шашпай, құнарлылығы тек қазақ даласының ғана құндағында болсын деп өтті емес пе?! Әрине, бұған қазақ даласының том-том тарихы куә.
Ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап өтті.
Ысырапшылдық. Қолда барды есепсіз, мақсатсыз жұмсау. Ал, асыл дінімізде «Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап қылмаңдар. Шындығында, Алла тағала ысырап қылушыларды сүймейді» делінген емес пе?!
Осынау аста-төк ысырапшылдықты тіпті бәсекеге, даңғойлыққа, мақтанқұмарлыққа, кердең мінезге айналдырып алдық. Сол ысырапшылдықтың әсері көзсіз бәсекеге ұласып барады. Міне, осындай кедергілерді жеңіп, не нәрсені де жасау үшін прагматикалық ойлау арқылы жасауымыз тиіс.
Ал, прагматикалық ойлау дегеніміз не? Ол-мақсатты түрде ұйымдастырылған іс-әрекет. Қолда бар мүмкіндіктен тыс дүниеге ұмтылмай, керісінше, өзімізде барды пайдалана отырып, нәтижелі жұмысқа, жетістікке талпыну және соған жету.
Бұл үрдіс-дамыған елдер тәжірибесінен алынған, сараланған бастама. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері жұмыстың қалай жасалғанына емес, нәтижесіне қарап бағаланады. Сол себепті, аз қаражат жұмсап, көп табысқа жетудің жолын қарастыру біздің алдымызда тұрған міндет. Шын прагматик азамат осындай жолды іздеуден, үйренуден ешқашан шаршамауы, жалықпауы керек. Прагматик тұлғалары көп елдің болашағы жарқын боларына сенеміміз мол.
А. Жанаева,
«Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі.