Тәрбие - тал бесіктен басталады
Арал аудандық сотының төрағасы К.Садуақасованың жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қала мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесуі басталды.Шараның алғашқы күні Арал қаласындағы №83 мектептен бастау алды. Сот төрағасымен өткізілген шараға аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова, мектеп директоры мен мұғалімдер, білім беру ұйымына бекітілген учаскелік полиция инспекторы және жоғары сынып оқушылары қатысты. Шара еркін форматта өтті.
Кездесу барысында сот төрағасы тәлім-тәрбие жөнінде сөз өрбітіп, баланың өз қатарластарымен қарым-қатынасының дұрыс болмауы, көптеген жағдайларда сыныптас балалардың өзіне деген нашар көзқарасын жақын қабылдап, қатты күйзеліске түсетінін, сол себептен осындай балалар өзінің беделін басқа ортадан іздеп, не күшпен беделге ие болу жақтарын қарастыратынын, әлбетте мұның арты құқық бұзушылыққа, қылмысқа апаратынын түсіндіре келе, үлкен-кішіге сыйластық танытып, бір-біріне қамқор болып, үлгі көрсетіп, шешуі қиын мәселелерді сынып жетекшісімен не өзіне жақын мұғалімдерімен шешуге тырысса ешқандай кереғар жағдайлардың болмайтынын айтып өтті.
Бұдан соң оқушыларға мағыналы бейнероликтер көрсетіліп, оған деген көзқарастары сұралып, өмірде сабақ боларлық дұрыс және бұрыс жақтары түсіндірілді.
Сондай-ақ, төраға оқушылардың жазбаша берген сұрақтарының барлығына да барынша емен-жарқын, ашық жауап берді. Шара соңында қатысушылар сот төрағасына өткізген тәрбие сағаты үшін алғыстарын білдіріп, осындай шаралардың өтуін қолдайтындықтарын айтты.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.