Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімшілік іс «True Conf» мобильді қосымшасы көмегімен қаралды

Әкімшілік іс «True Conf» мобильді қосымшасы көмегімен қаралды

Арал аудандық сотында «SMART сот» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде, «True Conf» мобильді қосымшасы көмегімен тағы бір іс қаралды. Әкімшілік істі қарау барысында құқық бұзушы сот отырысына онлайн режимде қатысып, түсініктеме берген.

Іс құжаттарынан белгілі болғандай, құқық бұзушы Е. Арал ауданына қарасты «Самара-Шымкент» тас жолында өзінің «Nissan Juke» маркалы  автокөлігін есірткілік масаю күйінде басқарған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Онлайн режимде өткізілетін сот талқылаулары іс бойынша қатысушы тараптардың сот отырысына қолжетімділігін арттырып, қаржысы мен уақыттарын үнемдеуге едәуір көмектеседі.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі    
05 ақпан 2020 ж. 718 0