Тоқаев тұрғындардың әнұранды балконда орындауы ненің көрінісі екенін айтты

"Елорда мен еліміздің басқа қалалары тұрғындарының әнұранымызды бірге орындауы – Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық", - деп жазды президент Twitter парақшасында.Сондай-ақ, президент карантинде отырған адамдардың шынайы ниетінің арқасында қиындықтан өтетінімізге сенім білдірді.
"Карантинде отырған азаматтарымыздың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты бәріміз бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады. Біз біргеміз!", - деп түйіндеді Тоқаев.
Айта кетейік, карантин кезінде Италияда басталған музыкалық флешмобтан қазақстандықтар да тыс қалмады. Кеше астаналықтар бір уақытта балконға шығып, әнұран айтты.