Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Соттасатын уақыт емес, татулаcатын уақыт!

Соттасатын уақыт емес, татулаcатын уақыт!

Арал аудандық сотында талап қоюшы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның жауапкерлер Б. мен М-дан несие берешегін кепіл мүлкінен өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, жауапкерлер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамынан төлем және қайтарым шартына сәйкес несие алып, оны қайтару жөніндегі борышын орындамаған. Осыған орай,  талапкер қарызды кепілде тұрған мүлік арқылы өндіріп алуды қолдану туралы талаппен сотқа жүгінген.
Істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу құқықтары және оның құқықтық салдары түсіндірілген.Осыдан кейін тараптар сотқа өзара жасасқан татуласу келісімін бекіту үшін ұсынып, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған. Татуласу келісімінің шарттары бойынша, жауапкерлер берешек несие қарызын өзара келісілген уақытта төлеуге міндеттенген.
Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының 
баспасөз қызметі
09 сәуір 2020 ж. 615 0