Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғатымызды өрттен сақтайық!

Табиғатымызды өрттен сақтайық!

Көктем мезгілінде көгалға шығып, таза ауада дем алуға баршамыз асығатынымыз белгілі. Дегенмен де бұл орайда өрт қауіпсіздігіне мән бермейтініміз өкінішті. Көгалға дем алу үшін шықан адамдар аңдаусызда от қойып кетіп жатады, ал оның арты үлкен дала өртіне әкеп соқтырады.Дала алқаптарында ашық от жағуға, сөндірілмеген темекі тұқылын тастауға болмайды. Ауаның құрғақтығы, үнемі жел болатындығы, өрттің таралуына және тез етек алуына мүмкіндік береді. Күннің ыстық кезінде өрт оттың болмашы ұшқынынан-ақ болуы мүмкін. Егер кешкі мезгілде от  жағатын болсаңыздар, ашық алаңқайда радиусы 1 метр жерді шөптен тазартып, шұңқыр қазып, болғаннан соң міндетті түрде отты сөндіріп, үстіне су құйып, орнын құммен көміп кету қажет.
Сонымен қатар, ауылдық округ тұрғындары шабындықтармен жайылымдарда, егістік жерлерде қамыстан тазарту мақсатында от қоюға қатаң тиым салынатынын ескертеміз.
Табиғат байлығын қорғап және бүлдірмей пайдалану әрбір адам баласының абыройлы борышы болып саналатынын ұмытпайық ағайын!
      Р. Еспембетов,
Арал ауданының Төтенше жағдайлар  бөлімінің инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты.
14 сәуір 2020 ж. 1 014 0