90 отбасыға азықтүлік үлестірілді

«Біз біргеміз» деген ұранмен қолға алынған акция барысында аймақ бойынша 350-ден астам отбасыға азықтүлік үлестірілсе, соның 90-ға жуығы Арал ауданы бойынша орындалды. Әр отбасыға 15 мың теңге көлеміндегі қаржыға алынған азық-түліктің қаншама отбасыны қуанышқа кенелтті. Бұл жұмыстарды жедел әрі айқын жүргізуге аудандық кәсіподақ комитеті ұдайы атсалыса бермек.
Иә, әрбір қайырлы істің көңіл қуантатыны рас. Біз де облыс көлемінде өткен осынау акцияның өз деңгейінде қолға алынуына айтарлықтай үлесімізді қостық деп айта аламын. Бастысы, басымызға түскен барлық қиындықта бірлігімізді көрсетіп, бір үйдің балаларындай жұмыла әрекет етсек, қандай кедергіден де өтеріміз анық. Біз оған сенімдіміз.
Жұмабай Мирманов,
аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы.