Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы 5,5 млн теңге қайырылымдылық жасады

Қызылордада білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы 5,5 млн теңге қайырылымдылық жасады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы өздерінің аз қамтылған 362 отбасына 5 430 000 теңге тұратын азық-түлікпен көмек көрсетті.
Аталған ұйым әлемді алаңдатқан коронавирус кезінде бастауыш кәсіподақ ұйым төрағаларымен жедел түрде тікелей байланысып, аз қамтылған 362 отбасының әрқайсысына 15000 теңге көлемінде азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылдаған.
«Әлемді шарпыған кесел біздің елімізді де айналып өтпеді. Бүгінгі таңда мұнай бағасының төмендеуі және короновирустық пандемияның таралуы әлем мемлекеттерінің ішкі жағдайына кері әсерін тигізуде. Қазақ халқы көптеген қиын-қыстау кезеңді бастан өткерді. Қиындықты еңсеруде еліміздің бірлігі, жомарттығы себеп болған. Дәл осы шақта да біздің бірлігіміз бекем болуы қажет. Қоғамның ең үлкен бөлігі ретінде білім және ғылым қызметкерлерінің Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті ұйымның қамқорлықты қажет ететін мүшелеріне қолдау көрсетуді назардан тыс қалдырмады. Біздің қоғамдық ұйым әлемді әурелеген COVID-19 пандемиясы тұсында қалалық, аудандық кәсіподақ комитеттерінің және әрбір бастауыш кәсіподақ ұйым төрағаларымен жедел түрде тікелей байланысып, аз қамтылған 362 отбасының әрқайсысына 15000 теңге көлемінде азық-түлікпен қамтамасыз етті. Еліміз қиын жағдайдан аман өтіп шығу үшін бізге ынтымақ керек. Өзімізге артылған жауапкершілікті сезініп, көмек керек жандарға қол ұшын созуға әрдайым дайынбыз», – деп мәлімдеді біздің ақпарат агенттігіне Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлнар Есқалиева.Айта кетейік, ұйым мүшелері осыған дейін облыстағы барлық орта білім беру ұйымдарындағы  кіші қызметкерлерге жәрдем беру акциясын өткізген болатын.
20 наурыз 2020 ж. 603 0